|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
декабря
2025
|
Баймұлдин мектебінде Тақыр мектебімен бірлесе отырып «Нашақорлыққа қарсы» тақырыбында шахмат турнирі өткізілді. ♟️
Бұл шараның мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, ойлау қабілетін дамыту және зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу.
Турнир барысында оқушылар өз қабілеттерін көрсетіп, әділ ойын өрнегін танытты.
Салауатты ұрпақ — жарқын болашақ! ✨
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl
#адалазамат


|
4
декабря
2025
|
Бүгін мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға баланың тәрбиесі мен білім алу процесінде туындайтын мәселелерді бірлесе шешуге көмектесу, өзара тәжірибе алмасу және тиімді тәрбиелеу тәсілдерін талқылау.
🔹 Баланың психологиялық саулығы
🔹 Үйлесімді ата-ана мен бала қарым-қатынасы
🔹 Мотивацияны арттыру жолдары
🔹 Мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы
сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
Осындай кездесулер ата-аналарға қолдау көрсетіп қана қоймай, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтады. Бала игілігі үшін бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз! 🤝✨
#адалазамат







