|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
декабря
2025
|
Тақыр мектебінде «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. 🏅
Шараның мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және спорт арқылы бірлікке шақыру. 💪
Жас спортшылар түрлі жарыстарға қатысып, өз күшін, ептілігін және командалық рухын көрсетті. Біз жастардың таңдауын — денсаулық, белсенділік пен таза болашақ деп білеміз! 🌟
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


Тақыр мектебінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында Ынтымақ жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды бірлікке, жауапкершілікке, татулық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Жәрмеңкеге оқушылар, ата-аналар және ұстаздар белсенді қатысып, өз қолдарымен жасаған өнімдерін ұсынды. Шара жылы атмосферада өтіп, мектеп қауымдастығын одан әрі жақындастыра түсті.
Осындай игі бастамалар арқылы біз оқушыларға заңға құрметті, тәртіпті орта қалыптастырудың маңызын жеткізуді жалғастырамыз. 🤝
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl







