|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
декабря
2025
|
Мектебімізде «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және буллингтің алдын алу.
Сынып сағаттары барысында балалар достық, сыйластық, мейірімділік туралы ой бөлісіп, түрлі жағдайларды талдап, өздерін және өз жақындарын қалай қорғай алатыны туралы пайдалы ақпарат алды.
Осындай шаралар – мектеп ішіндегі жылы атмосфераны нығайтып, әр оқушының өзін қауіпсіз сезінуіне бағытталған маңызды қадам.


|
4
декабря
2025
|
Тамақтану сапасына мониторинг – балалар денсаулығының кепілі!
Бүгін оқу орнымызда асхана жұмысына жоспарлы бақылау жүргізілді. Мониторинг барысында тағамның сапасы, өнімдердің сақтау мерзімі, санитарлық талаптардың орындалуы және дайын тағамның қауіпсіздігі жіті тексерілді.
✔️ Ас мәзірінің талапқа сай болуы
✔️ Құрамындағы өнімдердің сапасы
✔️ Тазалық пен гигиена нормалары
✔️ Оқушылардың тамақтану мәдениеті
Біздің мақсат – балаларға сапалы, пайдалы және қауіпсіз тамақ ұсыну.
Денсаулық – ең басты құндылық! 💛
#адалазамат







