|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
декабря
2025
|
Тақыр мектебінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында «Тәртіп отбасыдан басталады» атты спорттық эстафеталық сайыс өтті! 🏅
Шараның мақсаты — оқушыларға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, тәртіп пен жауапкершілікті нығайту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Эстафета барысында қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Жарыс рухани тәрбие мен спортты ұштастырып, оқушыларға қуаныш пен серпін сыйлады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🎉
Салауатты қоғам — тәртіптен, тәрбие отбасынан басталады!
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


Ұлттық стиль – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұра.
Ал сол мұраны заманауи сәнмен үйлестіру – біздің қолөнердің жаңа тынысы.
Бүгінгі күні ұлттық ою-өрнекпен безендірілген қолдан жасалған сумкалар ерекше сұранысқа ие. Әр бұйым – өзіне тән тарихы, мәні және қазақы рухы бар бірегей туынды.
🔸 Қошқармүйіз, тұмарша, құс қанаты сияқты оюлар
🔸 Табиғи материалдар
🔸 Заманауи дизайн
🔸 Қол еңбегінің жылуы
Осылардың барлығы ұлттық стильдегі сумкаларды тек аксессуар емес, қазақ мәдениетін танытатын символға айналдырады.
Ұлттық нақыш – сәннің мәңгілік тренді.
Ұлттық стильді дәріптейік!
#этноstylepvl2







