|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
25
декабря
2025
|
➕🔬 Математика және жаратылыстану апталығы басталды!
Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебінде математика және жаратылыстану пәндері апталығы өз жұмысын бастады.
Апталық аясында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ашық сабақтар, сайыстар, танымдық ойындар мен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылады.
📊🔍 Ғылымға қадам – білімге бастар жол!
Барлық қатысушыларға сәттілік пен белсенділік тілейміз!
|
25
декабря
2025
|
Ұлттық стиль — бай мұрамыздың айнасы!
Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген сәндік бұйымдар ұлт тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын бойына сіңірген ерекше өнер туындылары. Әр өрнектің өзіндік мәні, әр бұйымның айтары бар.
Бүгінде ұлттық нақыштағы аксессуарлар, сөмкелер, әшекейлер мен қолөнер бұйымдары — заманауи сәннің ажырамас бөлігіне айналды. Олар тек сән үшін емес, ұлттық болмысты дәріптеу үшін де қызмет етеді.
🧵✨ Ұлттық стиль — өткен мен бүгінді байланыстыратын көпір.
Өнерді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды бірге дәріптейік!
#этноstylepvl3






