|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Тақыр мектебінде күзгі демалыс жоспарына сәйкес 24 қазан мен 31 қазан аралығында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған түрлі танымдық, тәрбиелік және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың демалыс уақытын мазмұнды өткізу, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, оқуға деген қызығушылығын сақтау және рухани дамуына ықпал ету болды.
Демалыс апталығы аясында «Демалыста кітап оқимыз» атты мектепішілік акция өткізілді. Іс-шараны мектеп кітапханашылары ұйымдастырып, оқушыларды көркем әдебиетпен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында түрлі форматтағы жұмыстар жүргізілді. Акция барысында «Ең сүйікті кітабым», «Кітап – білім бұлағы», «Кітап оқимыз – рухани байимыз» тақырыптарында әдеби әңгімелер, пікірталастар және кітап көрмелері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында мәнерлеп оқу сағаттары өткізіліп, үздік оқырмандар марапатталды. Жоғары сынып оқушылары кіші буынға ертегі оқу және қызықты кітаптар ұсыну арқылы үлгі көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, бос уақытын пайдалы іспен өткізуге мүмкіндік берді.
Күзгі демалыс апталығы аясында өткізілген барлық шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мектеп өміріне белсенді қатысуына және ұжымдық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталды. «Демалыста кітап оқимыз» атты апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

|
4
декабря
2025
|
Тақыр мектебінде 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай арнайы апталық жоспар жасалып, жоспарға сәйкес түрлі тәрбиелік және шығармашылық іс-шаралар өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихы мен тәуелсіздік маңызын терең түсіндіру болды.
Апталық барысында «Отаным – бақыт мекенім» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылып, оқушылар отан, ел, ерлік тақырыптарындағы өлеңдерді әсерлі орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, барлық сыныптарда «Республикам менің!» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы жан-жақты мағлұмат берілді.
«Менің арманымдағы Қазақстан» атты сурет байқауында оқушылар өз қиялындағы болашақ Қазақстанды түрлі бояулармен бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Ал «Менің елім – Қазақстан» атты шығармашылық көрмеде оқушылар қолөнер бұйымдарын, аппликациялар мен ұлттық нақыштағы жұмыстарын ұсынды. Апталықтың қорытынды кезеңінде «Туған елім – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, онда оқушылар патриоттық әндер шырқап, би билеп, өлең оқып, көріністер қойды.
Өткізілген апталық іс-шаралар оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға зор үлес қосты. Мұндай мерекелік апталықтар жас ұрпақты елжандылыққа, бірлік пен татулыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде ерекше маңызға ие болды.





