ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Такир а.
+7 (718) 394 30 67
takir@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел
4
декабря
2025

Тақыр мектебінде күзгі демалыс жоспарына сәйкес 24 қазан мен 31 қазан аралығында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған түрлі танымдық, тәрбиелік және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың демалыс уақытын мазмұнды өткізу, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, оқуға деген қызығушылығын сақтау және рухани дамуына ықпал ету болды. 

Демалыс апталығы аясында «Демалыста кітап оқимыз» атты мектепішілік акция өткізілді. Іс-шараны мектеп кітапханашылары ұйымдастырып, оқушыларды көркем әдебиетпен таныстыру, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында түрлі форматтағы жұмыстар жүргізілді. Акция барысында «Ең сүйікті кітабым», «Кітап – білім бұлағы», «Кітап оқимыз – рухани байимыз» тақырыптарында әдеби әңгімелер, пікірталастар және кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, оқушылар арасында мәнерлеп оқу сағаттары өткізіліп, үздік оқырмандар марапатталды. Жоғары сынып оқушылары кіші буынға ертегі оқу және қызықты кітаптар ұсыну арқылы үлгі көрсетті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, бос уақытын пайдалы іспен өткізуге мүмкіндік берді.

Күзгі демалыс апталығы аясында өткізілген барлық шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мектеп өміріне белсенді қатысуына және ұжымдық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталды. «Демалыста кітап оқимыз» атты апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

demel 2

4
декабря
2025

Мектепте оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, сенімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 1-9 сынып оқушылары арасында «Адалдық сағаты» атты сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адалдықтың өмірдегі, оқудағы және қоғамдағы маңызын түсіндіру, академиялық адалдық ұғымымен таныстыру және осы құндылықтарды күнделікті өмірде ұстануға баулу болды.

4
декабря
2025

Тақыр мектебінде 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай арнайы апталық жоспар жасалып, жоспарға сәйкес түрлі тәрбиелік және шығармашылық іс-шаралар өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихы мен тәуелсіздік маңызын терең түсіндіру болды.

Апталық барысында «Отаным – бақыт мекенім» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылып, оқушылар отан, ел, ерлік тақырыптарындағы өлеңдерді әсерлі орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, барлық сыныптарда «Республикам менің!» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы жан-жақты мағлұмат берілді.

 

«Менің арманымдағы Қазақстан» атты сурет байқауында оқушылар өз қиялындағы болашақ Қазақстанды түрлі бояулармен бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Ал «Менің елім – Қазақстан» атты шығармашылық көрмеде оқушылар қолөнер бұйымдарын, аппликациялар мен ұлттық нақыштағы жұмыстарын ұсынды. Апталықтың қорытынды кезеңінде «Туған елім – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, онда оқушылар патриоттық әндер шырқап, би билеп, өлең оқып, көріністер қойды.

Өткізілген апталық іс-шаралар оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттырып, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға зор үлес қосты. Мұндай мерекелік апталықтар жас ұрпақты елжандылыққа, бірлік пен татулыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде ерекше маңызға ие болды.

4
декабря
2025

2025 жылдың 17 қазан күні Тақыр мектебінде«Еңбегі адал – жасөрен» жобасы аясында 1–9 сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараны мектептің тәрбие орталығы ұйымдастырып, жоғары деңгейде жүзеге асырды.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбектің қадірін ұғындыру, өз қолымен жасалған өнімнің құндылығын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту және қайырымдылық рухын қалыптастыру да басты бағыттардың бірі болды.

Шара барысында әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар, түрлі қолөнер бұйымдары, тәтті тағамдар мен табиғи өнімдерді ұсынды. Әр үстел ерекше безендіріліп, оқушылар өз тауарларын жарнамалап, сатып алушылармен белсенді қарым-қатынас орнатты. Іс-шара көңілді ән мен әуенмен, көтеріңкі көңіл-күйде өтті.

Жәрмеңке нәтижесінде жиналған қаржы мектеп қорына тапсырылды. Бұл қаражат мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мен оқушыларға қажет құрал-жабдықтарды алуға жұмсалатын болады.

Аталған шара оқушылардың бойында ұжымшылдық, жауапкершілік, адалдық пен мейірімділік қасиеттерін дамытуға зор ықпал етті. Балалар еңбектің қадірін түсініп, өз еңбегімен ортақ іске үлес қосу арқылы үлкен өмірлік тәжірибе жинақтады.

Қорытынды: «Күзгі асар» жәрмеңкесі өз мақсатына жетіп, «Еңбегі адал – жасөрен» жобасының аясында оқушылардың еңбексүйгіштік пен қайырымдылық құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Іс-шара мектеп ұжымының ұйымшылдығын, оқушылар мен ата-аналардың белсенділігін арттырды.

 

4
декабря
2025

Ұлттық стиль – тамырдан басталған жаңғыру!

Біздің жобаның мақсаты – ұлттық нақышты заманауи форматта қайта жаңғыртып, күнделікті өмірге жақындату.

⠀🧵 Қазақтың ою-өрнегі

🎨 Дәстүрлі түстер үйлесімі

👗 Заманауи дизайн үлгілері

⠀Біз ұлттық мәдениетті стильмен үндестіріп, әр бұйымға ерекше мән береміз.

Ұлттық мұра – сәннен тыс қалмайтын құндылық!

#адалазамат

#этноstylepvl2

stil 2stil

4
декабря
2025

Қазан айының 17-і күні Тақыр мектебінің оқушыларымен мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық диктант»ант өткізілді.

«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.

 

#АдалАзамат

4
декабря
2025

Қазан айының 16-ы күні ұйымдастырылған аудандық “Шабыт” байқауында Тақыр мектебінің оқушылары “Мың бұралған билер-ай” номинациясында жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

Жетекшісі:Лувсан Бекзат

shabshab 2

4
декабря
2025

«Алтын сақа» мектепішілік олимпиадасы

6-сынып оқушысы Әлімғазықызы Айзере – II дәрежелі диплом

6-сынып оқушысы Құраисов Ерсұлтан – III дәрежелі диплом

5-сынып оқушысы Ризабек Ханбек – сертификат

Жетекшісі: Каленбаба Мадина

uu

 

4
декабря
2025

Тақыр мектебінде 1–9-сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен «Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» атты тәрбиелік бағыттағы іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жоспары негізінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарға баланың психологиялық қауіпсіздігі мен сенімді қарым-қатынас қалыптастырудың жолдарын түсіндіру, жасөспірімдердің бойында жауапкершілік пен өз-өзіне сенімділік қасиеттерін дамыту болды.

       Іс-шараны 1–9-сынып жетекшілері ұйымдастырды. Кездесу барысында ата-аналар мен оқушыларға арналған тренингтер, пікірталастар және бірлескен ойын түріндегі тапсырмалар жүргізілді. Психолог мамандар «Бала мен ата-ана арасындағы сенім көпірі», «Қауіпсіз мінез-құлық ережелері» тақырыптарында баяндама жасап, өмірлік мысалдар келтірді.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, отбасындағы түсіністік пен жылы қарым-қатынастың маңызын талқылады. Сонымен қатар, оқушылар мектеп ортасында өзін қауіпсіз сезіну, сыныптастары мен мұғалімдерімен дұрыс қарым-қатынас орнату жөнінде пікір білдірді.

Іс-шара қорытындысында ата-аналар мен мұғалімдер балалардың қауіпсіз дамуына қолдау көрсетудің ортақ міндет екенін атап өтті. Осындай іс-шаралар мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы байланыс пен сенімді нығайтып, тәрбиелік және психологиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.

4
декабря
2025

Ұстаздар мерекесіне байланысты Тақыр мектебінде «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында оқу жылына арналған жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар өткізу мақсаты: «Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 –9 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, 1 – 4 сыныптар аралығында: «Ұстаз – ұлағатты есім» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жүргізілді.

Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне білуге, бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі.

© 2026. Все права защищены.