ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Такир а.
+7 (718) 394 30 67
takir@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

Ұстаздар мерекесіне байланысты Тақыр мектебінде «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында оқу жылына арналған жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар өткізу мақсаты: «Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 –9 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, 1 – 4 сыныптар аралығында: «Ұстаз – ұлағатты есім» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жүргізілді.

Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне білуге, бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі.
Елімізде жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланатын "Ұстаздар күні" мерекесі мектепте өз деңгейнде аталып өтілді. 4 қазан күні «Ұлтымыздың ұлы қолбасшысы-ол мұғалім» тақырыбында салтанатты шара өтті. Салтанатты шараны мектеп басшысы құттықтау сөзімен ашып, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.. Салтанатты шараның соңы мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты. Мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ән – сазды бағдарламасына зейнетке шыққан ұстаз ардагерлер шақырылды. Бағдарлама барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға және ардагер ұстаздарға арналған жылы тілектері мен алғыстарын білдірді.Ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, өнерлерін тамашалап, ризашылығын білдірді. Іс – шараның соңында, оқушылар әр мұғалімге арнайы өлең шұмақтарын арнап, гүл шоқтарын сыйлады. Іс – шаралар барысында мұғалім жас ұрпақты ұстаздар қауымын сыйлауға тәрбиелеп, ұстаздың шәкірттерге ең беделді үлгі болатын жан екені туралы ұлылардың нақыл сөздерімен таныстырып, сондай – ақ, оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар , мұғалімдер мерекесіне арналған арналған тәрбие сағаттарына ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысып, өз тілектерін білдірді.Мектеп фойесінде «Ұстаз- менің шырқайтын ғұмыр әнім!» атты баннер безендірілді.

 

ustaz

© 2026. Все права защищены.