|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 78
Тақыр мектебінде оқушылар «Полиция және балалар — қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында шығармалар жазды.
Бұл жұмыс балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтіп, полиция қызметінің қоғамдағы рөлін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, жауапкершілік, батылдық және қауіпсіздік мәдениеті жайлы маңызды пікірлерімен бөлісті.
Осындай шығармалар арқылы балалардың ойлау қабілеті дамып, қауіпсіз орта қалыптастырудағы өз үлесін сезіне түседі.
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


- Просмотров: 84
«Заң және тәртіп» тақырыбында Тақыр мектебінде дебаттық турнир
Бүгін оқушыларымыз құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған қызықты да маңызды дебаттық сайысқа қатысты.
⚖️ Турнир барысында оқушылар:
– заңның қоғамдағы рөлін түсінді;
– тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын талқылады;
– өз ойларын дәлелдеп, қарсы топпен мәдени түрде пікірталас жүргізе білді.
🗣️ Бұл турнир жасөспірімдердің сыни ойлауын, шешендігін, заңға деген құрметін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Оқушыларымыздың белсенділігі мен дайындық деңгейі – нағыз үлгі! 👏
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 96
Тақыр мектебінде «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. 🏅
Шараның мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және спорт арқылы бірлікке шақыру. 💪
Жас спортшылар түрлі жарыстарға қатысып, өз күшін, ептілігін және командалық рухын көрсетті. Біз жастардың таңдауын — денсаулық, белсенділік пен таза болашақ деп білеміз! 🌟
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 104
Мектебімізде «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және буллингтің алдын алу.
Сынып сағаттары барысында балалар достық, сыйластық, мейірімділік туралы ой бөлісіп, түрлі жағдайларды талдап, өздерін және өз жақындарын қалай қорғай алатыны туралы пайдалы ақпарат алды.
Осындай шаралар – мектеп ішіндегі жылы атмосфераны нығайтып, әр оқушының өзін қауіпсіз сезінуіне бағытталған маңызды қадам.


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 77
Баймұлдин мектебінде Тақыр мектебімен бірлесе отырып «Нашақорлыққа қарсы» тақырыбында шахмат турнирі өткізілді. ♟️
Бұл шараның мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, ойлау қабілетін дамыту және зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу.
Турнир барысында оқушылар өз қабілеттерін көрсетіп, әділ ойын өрнегін танытты.
Салауатты ұрпақ — жарқын болашақ! ✨
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl
#адалазамат


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 77
Тамақтану сапасына мониторинг – балалар денсаулығының кепілі!
Бүгін оқу орнымызда асхана жұмысына жоспарлы бақылау жүргізілді. Мониторинг барысында тағамның сапасы, өнімдердің сақтау мерзімі, санитарлық талаптардың орындалуы және дайын тағамның қауіпсіздігі жіті тексерілді.
✔️ Ас мәзірінің талапқа сай болуы
✔️ Құрамындағы өнімдердің сапасы
✔️ Тазалық пен гигиена нормалары
✔️ Оқушылардың тамақтану мәдениеті
Біздің мақсат – балаларға сапалы, пайдалы және қауіпсіз тамақ ұсыну.
Денсаулық – ең басты құндылық! 💛
#адалазамат


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 74
Бүгін мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға баланың тәрбиесі мен білім алу процесінде туындайтын мәселелерді бірлесе шешуге көмектесу, өзара тәжірибе алмасу және тиімді тәрбиелеу тәсілдерін талқылау.
🔹 Баланың психологиялық саулығы
🔹 Үйлесімді ата-ана мен бала қарым-қатынасы
🔹 Мотивацияны арттыру жолдары
🔹 Мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы
сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.
Осындай кездесулер ата-аналарға қолдау көрсетіп қана қоймай, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтады. Бала игілігі үшін бірге жұмыс істеуді жалғастырамыз! 🤝✨
#адалазамат


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 79
Біздің мектебімізде Валюта күніне орай танымдық сынып сағаттары өтті. Оқушылар ұлттық валютамыз — теңгенің тарихы, оның маңызы мен айналымға ену кезеңдері туралы қызықты ақпараттар алып, қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидаларымен танысты.
📚 Осындай шаралар балалардың экономикалық білімін арттырып, жауапты қаржылық шешім қабылдауға тәрбиелейді.
🇰🇿 Теңге — Тәуелсіздігіміздің нышаны!


- Просмотров: 95
Тақыр мектебінде «Заң және тәртіп» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Учаскелік полиция инспекторы Бейсикеев Д. Тақыр мектебінің оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіптің маңызы туралы айтылды. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері жөнінде, сондай-ақ өздерін және жақындарын түрлі құқықбұзушылықтардан қорғау жолдары туралы нақты кеңестер алды.
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


|
4
декабря
2025
|
- Просмотров: 81
Ағымдағы оқу жылының 14-қараша күні Тақыр мектебінде аға-тәлімгердің ұйымдастыруымен “Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі”атты сурет байқауы өтті.
✨ Адал еңбек – адамзаттың ең үлкен байлығы! ✨
Бүгін біз «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауына қатысып, еңбектің шынайы құндылығын өз көрінісімізбен жеткізуді мақсат еттік.





