Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебінде
19-қыркүйек «Аналар күні» мерекесіне орай шағын іс-шара өтті.
Бұл күн – аналардың қоғамдағы және отбасындағы рөліне құрмет көрсетіп, аналардың мейірімі мен еңбегін бағалау үшін арнайы белгіленген мереке.
Аналар күнінің маңызы:
– Отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі болған аналарды ардақтау;
– Жас ұрпақты ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
– Ана махаббатының, мейірімінің, шыдамдылығы мен даналығының қадірін түсіндіру.
#АдалАзамат




