ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Такир а.
+7 (718) 394 30 67
takir@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
4
Ақпан
2026

Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында бастауыш сыныптар арасында «Заң балалар көзімен» атты көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің маңызын балалардың шығармашылық көзқарасы арқылы түсіндіру. Көрме қорытындысы бойынша әділқазы алқасы жүлделі орындарды анықтап, жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
4
Ақпан
2026

Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде 4-сыныпта Дүниетану пәнінен «Сен тұратын аймақта қандай катаклизмдер болу мүмкін?» тақырыбы бойынша Zoom платформасымен қашықтық сабақ өткізілді. Сабақ кестеге сай жүргізіліп, оқушының оқу материалдарын меңгеруіне және тапсырмаларды орындауына мүмкіндік жасалды.
Өткізген: Бекмуратова Т Т.

4
Ақпан
2026

Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Біз және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында квест ойыны өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, қаржыны дұрыс басқару, жеке деректерді қорғау, интернет-алаяқтықтан сақтану, банк қызметтері мен төлем құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Квест ойын оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және өмірлік маңызды қаржылық білімдерін жетілдіруге бағытталды.
4
Ақпан
2026

Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде 2-сыныпта Қазақ тілі пәнінен «Омоним дегеніміз не?» тақырыбы бойынша Zoom платформасымен қашықтық сабақ өткізілді. Сабақ кестеге сай жүргізіліп, оқушының оқу материалдарын меңгеруіне және тапсырмаларды орындауына мүмкіндік жасалды.
Өткізген: Балтабаева А.А.

4
Ақпан
2026

Оқушылар сарайында Қазақстанның маңызды тарихи даталары мен ұлттық мұрасына арналған «Тарихқа тағзым» облыстық жоба байқауы өтті. Байқауға Павлодар облысының қалалары мен аудандарынан мектеп оқушылары мен педагогтер қатысты. Байқаудың мақсаты қазақ ағартушыларының мұрасын насихаттау, патриоттық сананы қалыптастыру, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ командалық өзара әрекеттестікті жетілдіру. Командалар өз жобаларында халық тарихын, мәдениетін және рухани құндылықтарын зерттеп, заманауи форматтар мен визуалды құралдарды белсенді қолданды. Қазылар алқасының пікірінше, байқау жоғары деңгейде дайындық, идеялардың жаңалығы және қатысушылардың Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын жаңа қырынан көрсетуге ұмтылысы арқылы ерекшеленді. Байқаудың қорытындысы бойынша:Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінің оқушылары жүлделі 2-орынға ие болды. Жетекші: Дамысхан Мазира.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
4
Ақпан
2026

«Заң және Тәртіп»
айлығы аясында Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде,
АПҚО қызметі аясында ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша учаскелік полисицясы қызметкері Бейсикеев Даулет Аскаровичтің қатысуымен отбасындағы «Қаржылық жауапкершілікке» саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған шағын дәріс өткізілді.

🔷Аталған іс-шараның мақсаты: ата-аналардың қаржылық сауаттылығын арттыру, отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлау, қаржыны тиімді пайдалану және заң аясында жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Лекция барысында қатысушыларға қаржылық міндеттемелерді орындаудың маңыздылығы, қарыз алу мен несиеге жауапкершілікпен қарау, қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🔷Іс-шара ата-аналардың өз отбасы алдындағы қаржылық жауапкершілігін терең түсінуіне, қаржылық тәуекелдерді дұрыс бағалап, саналы шешім қабылдауына ықпал етті.

 

4
Ақпан
2026

«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоспарға сай 1-сыныпта "Дос БолLike «Булингтен сақтан!»" атты сынып сағаты өткізілді.

4
Ақпан
2026

Тақыр ауылының негізгі жалпы мектебінде,қысқы каникул кезеңінде оқушылар үшін “Сезімдер палитрасы” тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Тренинг барысында балалар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіре отырып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Мектеп психологы: Шаймарданова А.Н

 

4
Ақпан
2026

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде 7 сыныпта денешынықтыру пәнінен “Ойындардағы командалық іс-әрекет және көшбасшылық”тақырыбы бойынша Zoom платформасымен қашықтық сабақ өткізілді.
Өткізген: Кураисов М.Т.

 

26
Желтоқсан
2025

Тақыр мектебінде «Ұлттық стиль» жобасы ұйымдастырылды 🇰🇿✨Жоба аясында оқушылар ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолдана отырып, жаңа жылдық шыршаға арналған сәндік ойыншықтар жасады. Қолөнер бұйымдары арқылы балалардың шығармашылық қабілеті дамып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артты.WhatsApp Image 2025 12 26 at 09.20.52Ұлттық дәстүр мен заманауи стильді үйлестірген бұл жоба оқушыларға ерекше әсер сыйлады 🎄🧶

#этноstylepvl3

© 2026. Все права защищены.