|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
декабря
2025
|
2025 жылдың 17 қазан күні Тақыр мектебінде«Еңбегі адал – жасөрен» жобасы аясында 1–9 сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараны мектептің тәрбие орталығы ұйымдастырып, жоғары деңгейде жүзеге асырды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбектің қадірін ұғындыру, өз қолымен жасалған өнімнің құндылығын сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту және қайырымдылық рухын қалыптастыру да басты бағыттардың бірі болды.
Шара барысында әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар, түрлі қолөнер бұйымдары, тәтті тағамдар мен табиғи өнімдерді ұсынды. Әр үстел ерекше безендіріліп, оқушылар өз тауарларын жарнамалап, сатып алушылармен белсенді қарым-қатынас орнатты. Іс-шара көңілді ән мен әуенмен, көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Жәрмеңке нәтижесінде жиналған қаржы мектеп қорына тапсырылды. Бұл қаражат мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мен оқушыларға қажет құрал-жабдықтарды алуға жұмсалатын болады.
Аталған шара оқушылардың бойында ұжымшылдық, жауапкершілік, адалдық пен мейірімділік қасиеттерін дамытуға зор ықпал етті. Балалар еңбектің қадірін түсініп, өз еңбегімен ортақ іске үлес қосу арқылы үлкен өмірлік тәжірибе жинақтады.
Қорытынды: «Күзгі асар» жәрмеңкесі өз мақсатына жетіп, «Еңбегі адал – жасөрен» жобасының аясында оқушылардың еңбексүйгіштік пен қайырымдылық құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Іс-шара мектеп ұжымының ұйымшылдығын, оқушылар мен ата-аналардың белсенділігін арттырды.
|
4
декабря
2025
|
Қазан айының 17-і күні Тақыр мектебінің оқушыларымен мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық диктант»ант өткізілді.
«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
#АдалАзамат





