«Заң және Тәртіп»
айлығы аясында Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде,
АПҚО қызметі аясында ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша учаскелік полисицясы қызметкері Бейсикеев Даулет Аскаровичтің қатысуымен отбасындағы «Қаржылық жауапкершілікке» саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған шағын дәріс өткізілді.
🔷Аталған іс-шараның мақсаты: ата-аналардың қаржылық сауаттылығын арттыру, отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлау, қаржыны тиімді пайдалану және заң аясында жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Лекция барысында қатысушыларға қаржылық міндеттемелерді орындаудың маңыздылығы, қарыз алу мен несиеге жауапкершілікпен қарау, қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
🔷Іс-шара ата-аналардың өз отбасы алдындағы қаржылық жауапкершілігін терең түсінуіне, қаржылық тәуекелдерді дұрыс бағалап, саналы шешім қабылдауына ықпал етті.




