|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
26
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 97
Тақыр мектебінде «Ұлттық стиль» жобасы ұйымдастырылды 🇰🇿✨Жоба аясында оқушылар ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолдана отырып, жаңа жылдық шыршаға арналған сәндік ойыншықтар жасады. Қолөнер бұйымдары арқылы балалардың шығармашылық қабілеті дамып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артты.
Ұлттық дәстүр мен заманауи стильді үйлестірген бұл жоба оқушыларға ерекше әсер сыйлады 🎄🧶
#этноstylepvl3
|
25
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 110
Мектебімізде ерекше әсерге толы «Қош бол, Әліппе!» мерекелік іс-шарасы өтті ✨
Тақыр мектебінің 1-сынып оқушылары алғашқы оқулығымен – Әліппемен қоштасып, оқу әлеміне нық қадам жасады. Шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, тақпақтар оқып, өздерінің білімге деген алғашқы жетістіктерін көрсетті.
Бұл күн – оқушылар үшін есте қаларлық, қуанышты сәт болды. Алғашқы ұстаздары мен ата-аналары балалардың табандылығына, ынтасына куә болып, жылы лебіздерін білдірді.
📚 Әліппемен қоштасу – білім жолындағы үлкен сапардың бастауы


|
26
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 109
Бастауыш сынып ұстаздары оқушыларын Жаңа жылмен құттықтап,оқу құралдарын,тәттілер және ақшалай сыйлық сыйлады.
|
26
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 128
Жаңа жыл — жаңару мен жақсылықтың бастауы! 🎄✨Тақыр мектебінің кәсіподақ ұйымы мектептің барлық жұмысшыларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.Бұл — еңбекті бағалау, ұжымға деген құрмет пен алғыстың белгісі.Алдағы жыл баршаңызға денсаулық, табыс, отбасы бақыты мен толағай жетістіктер әкелсін!


|
25
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 100
Тақыр мектебінде психология апталығының ашылуы 🎉
Бүгін Тақыр мектебінде Психология апталығы өз бастауын алды! 🧠✨
Апталықтың мақсаты – оқушылардың эмоциялық саулығын нығайту, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және психологиялық білімді арттыру.
Алдағы күндері түрлі тренингтер, қызықты ойындар, мотивациялық сабақтар мен пайдалы кездесулер өтеді.
💛

|
25
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 119
Білім сапасын арттыру және білім алудағы олқылықтарды жою мақсатында 2-сыныпта пәндер бойынша қосымша сабақтар жүргізілуде. Сабақ барысында оқу материалын меңгеру деңгейін жақсартуға бағытталған тапсырмалар орындалуда.
Мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін арттыру, оқу барысында анықталған олқылықтарды жою және оқу бағдарламасын толық меңгеруін қамтамасыз ету.

|
25
Желтоқсан
2025
|
- Қаралды: 79
Тақыр мектебінде – Ұлттық STYLE жобасы! ✨
Биылғы жаңа жыл қарсаңында мектебімізде ерекше ұлттық нақыштағы «Ұлттық Style» жобасы ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық өнерді жаңаша көзқараспен ұштастырып, өз қолдарымен сәндік бұйымдар дайындады.
🎄 Жоба аясында:
* қазақы ою-өрнекпен әрленген жаңа жылдық әшекейлер
* табиғи материалдардан жасалған сәндік композициялар
* ұлттық стильде безендірілген шырша бұйымдары
дайындалып, көрмеге ұсынылды.
Бұл жоба – ұлттық мәдениетті дәріптеп қана қоймай, жаңа жылдық мерекеге ерекше жылылық пен сән қосқан тамаша бастама болды.
💫 Ұлттық рух — жаңа жылдық жарқын көңіл-күймен жарасқанда!
#этноstylepvl3









