Тақыр мектебінде «Ұлттық стиль» жобасы ұйымдастырылды 🇰🇿✨Жоба аясында оқушылар ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолдана отырып, жаңа жылдық шыршаға арналған сәндік ойыншықтар жасады. Қолөнер бұйымдары арқылы балалардың шығармашылық қабілеті дамып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артты.
Ұлттық дәстүр мен заманауи стильді үйлестірген бұл жоба оқушыларға ерекше әсер сыйлады 🎄🧶
#этноstylepvl3




