-
-
Просмотров: 112
Тақыр негізі жалпы білім беру мектебінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Біз және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында квест ойыны өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар топтарға бөлініп, қаржыны дұрыс басқару, жеке деректерді қорғау, интернет-алаяқтықтан сақтану, банк қызметтері мен төлем құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша түрлі тапсырмалар орындады. Квест ойын оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға және өмірлік маңызды қаржылық білімдерін жетілдіруге бағытталды.
Аталған іс-шара оқушылардың қаржылық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.