|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
Желтоқсан
2025
|
Қазан айының 17-і күні Тақыр мектебінің оқушыларымен мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық диктант»ант өткізілді.
«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жоба.
#АдалАзамат
|
4
Желтоқсан
2025
|
Тақыр мектебінде оқушыларымен «Еңбек күніне» орай «Еңбек етсең — емерсің» тақырыбында сынып сағаты өткізілді

|
4
Желтоқсан
2025
|
«Алтын сақа» мектепішілік олимпиадасы
6-сынып оқушысы Әлімғазықызы Айзере – II дәрежелі диплом
6-сынып оқушысы Құраисов Ерсұлтан – III дәрежелі диплом
5-сынып оқушысы Ризабек Ханбек – сертификат
Жетекшісі: Каленбаба Мадина

|
4
Желтоқсан
2025
|
Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебінде
19-қыркүйек «Аналар күні» мерекесіне орай шағын іс-шара өтті.
Бұл күн – аналардың қоғамдағы және отбасындағы рөліне құрмет көрсетіп, аналардың мейірімі мен еңбегін бағалау үшін арнайы белгіленген мереке.
Аналар күнінің маңызы:
– Отбасының ұйытқысы, шаңырақтың берекесі болған аналарды ардақтау;
– Жас ұрпақты ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;
– Ана махаббатының, мейірімінің, шыдамдылығы мен даналығының қадірін түсіндіру.
#АдалАзамат
|
4
Желтоқсан
2025
|
Ұстаздар мерекесіне байланысты Тақыр мектебінде «Ұстаз ұлы тұлға» тақырыбында оқу жылына арналған жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар өткізу мақсаты: «Мұғалімдер күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру. Ұстаздар мерекесіне байланысты 1 –9 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, 1 – 4 сыныптар аралығында: «Ұстаз – ұлағатты есім» атты бірыңғай тәрбие сағаттары жүргізілді.
Тәрбие сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстазды құрметтеуге, оларды түсіне білуге, бағалауға үйретіп, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндірді. Сынып сағаттары барысында сынып жетекшілер оқушыларға ұстаздық мамандықтың қиындығы мен қызығы бірге жүретіні жөнінде түсініктерін қалыптастырып, білім алуға саналы көзқарастарын нығайтып, жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, ұстазды әрқашан сыйлауға тәрбиеледі.
|
4
Желтоқсан
2025
|
7, 8, 9-сынып оқушыларымен «Дос болайық – буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:
– «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, түсіндіру;
– Оқушыларға достық пен сыйластықтың адам өміріндегі маңызды орнын таныту;
– Жасөспірімдер арасында кездесетін қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу.
#АдалАзамат


|
4
Желтоқсан
2025
|
Тақыр мектебінде 1 қазан- халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бастауыш сыныптар арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Қарт жүрген жер береке» тақырыптарында сынып сағаттары өтілді. Сабақ барысында оқушылардың бойына үлкенді құрметтеу оларға әрдайым көмек қолын сөзу,үлкендердің өмірлік тәжірібиесін сыйлау және ақылдарын тыңдау туралы айтылды және бойларына сіңірді.
Мектеп ұстаздары зейнетке шыққан қарт ұстаздарды құттықтап және құрмет көрсету іс-шараларын ұйымдастырды. Сонымен қатар «Қарты бар үйдің құты бар» тақырыбында 7-10 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы өткізілді.
Қарттар күніне ұйымдастырылға барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.


|
4
Желтоқсан
2025
|
Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебінде Денсаулық күніне орай оқушылармен спорттық ойындар өткізілді.
Денсаулық – басты байлық!
Бүгін – салауатты өмір салтын насихаттайтын Денсаулық күні.
Әр күнімізді белсенділікке, дұрыс тамақтануға, сергектікке арнасақ – болашағымыз да жарқын болмақ.
✦ Денеңіз сау, көңіліңіз көтеріңкі болсын!
#ДенсаулықКүні #СалауаттыӨмір











