ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области
Такир а.
+7 (718) 394 30 67
takir@aqqulyroo.edu.kz

Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебінде «Адалдық дүкені» ұйымдастырылды.

Мектепте оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, сенімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында 1-9 сынып оқушылары арасында «Адалдық сағаты» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адалдықтың өмірдегі, оқудағы және қоғамдағы маңызын түсіндіру, академиялық адалдық ұғымымен таныстыру және осы құндылықтарды күнделікті өмірде ұстануға баулу болды.

 

Сабақ барысында сынып жетекшісі оқушылармен бірге адалдықтың мәнін ашып, «Адал адам қандай болады?», «Академиялық адалдық деген не?» сияқты сұрақтар төңірегінде ой қозғады. Оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, мысалдар келтіріп, адал еңбектің және әділ әрекеттің маңызын түсінді. Сонымен қатар, оқудағы академиялық адалдық ережелері, яғни көшіру, плагиат жасау, әділетсіз бағалау сияқты теріс әрекеттердің салдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушылар бейнероликтер көріп, адалдық туралы нақыл сөздермен танысты. Сабақ соңында әр оқушы өз бойында адалдық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған жеке шешімін жазып, ортақ «Адал болайық!» тақтасына жапсырды.«Адалдық сағаты» атты сынып сағаты оқушылардың моральдық-этикалық санасын қалыптастырып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиеледі. Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы олардың күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайтуға ықпал етті.

adaladal 2

© 2026. Все права защищены.