|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
25
декабря
2025
|
Тақыр мектебінде психология апталығының ашылуы 🎉
Бүгін Тақыр мектебінде Психология апталығы өз бастауын алды! 🧠✨
Апталықтың мақсаты – оқушылардың эмоциялық саулығын нығайту, бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және психологиялық білімді арттыру.
Алдағы күндері түрлі тренингтер, қызықты ойындар, мотивациялық сабақтар мен пайдалы кездесулер өтеді.
💛

|
25
декабря
2025
|


|
25
декабря
2025
|


|
25
декабря
2025
|
Буллингті уақытында анықтап, дер кезінде әрекет ету — оның алдын алудың ең тиімді жолы
🛡️2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
📩 Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
⤴️ Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.

|
25
декабря
2025
|
Тақыр мектебінде – Ұлттық STYLE жобасы! ✨
Биылғы жаңа жыл қарсаңында мектебімізде ерекше ұлттық нақыштағы «Ұлттық Style» жобасы ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық өнерді жаңаша көзқараспен ұштастырып, өз қолдарымен сәндік бұйымдар дайындады.
🎄 Жоба аясында:
* қазақы ою-өрнекпен әрленген жаңа жылдық әшекейлер
* табиғи материалдардан жасалған сәндік композициялар
* ұлттық стильде безендірілген шырша бұйымдары
дайындалып, көрмеге ұсынылды.
Бұл жоба – ұлттық мәдениетті дәріптеп қана қоймай, жаңа жылдық мерекеге ерекше жылылық пен сән қосқан тамаша бастама болды.
💫 Ұлттық рух — жаңа жылдық жарқын көңіл-күймен жарасқанда!
#этноstylepvl3
|
25
декабря
2025
|
➕🔬 Математика және жаратылыстану апталығы басталды!
Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебінде математика және жаратылыстану пәндері апталығы өз жұмысын бастады.
Апталық аясында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ашық сабақтар, сайыстар, танымдық ойындар мен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылады.
📊🔍 Ғылымға қадам – білімге бастар жол!
Барлық қатысушыларға сәттілік пен белсенділік тілейміз!
|
25
декабря
2025
|
Ашық есік күні: ата-ана +мектеп”
Білім сапасын көтеру және олқылықтарды жою бойынша Тақыр НЖББ мектебінде ата-аналардың білім сапасын арттыру процесіне қатысулары күшейеді.

|
25
декабря
2025
|
Ұлттық стиль — бай мұрамыздың айнасы!
Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген сәндік бұйымдар ұлт тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын бойына сіңірген ерекше өнер туындылары. Әр өрнектің өзіндік мәні, әр бұйымның айтары бар.
Бүгінде ұлттық нақыштағы аксессуарлар, сөмкелер, әшекейлер мен қолөнер бұйымдары — заманауи сәннің ажырамас бөлігіне айналды. Олар тек сән үшін емес, ұлттық болмысты дәріптеу үшін де қызмет етеді.
🧵✨ Ұлттық стиль — өткен мен бүгінді байланыстыратын көпір.
Өнерді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды бірге дәріптейік!
#этноstylepvl3





