|
Павлодар облысы білім беру басқармасы,Аққулы ауданы білім беру бөлімінің" Тақыр негізгі жалпы білім беру мектебі" КММ
КГУ "Такирская основная общеобразовательная школа " отдела образования района Аққулы, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
Желтоқсан
2025
|
Тақыр мектебінде оқушылар «Полиция және балалар — қауіпсіздік үшін бірге» тақырыбында шығармалар жазды.
Бұл жұмыс балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтіп, полиция қызметінің қоғамдағы рөлін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, жауапкершілік, батылдық және қауіпсіздік мәдениеті жайлы маңызды пікірлерімен бөлісті.
Осындай шығармалар арқылы балалардың ойлау қабілеті дамып, қауіпсіз орта қалыптастырудағы өз үлесін сезіне түседі.
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl


|
4
Желтоқсан
2025
|
Тақыр мектебінде «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен спорттық сайыстар ұйымдастырылды. 🏅
Шараның мақсаты — оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және спорт арқылы бірлікке шақыру. 💪
Жас спортшылар түрлі жарыстарға қатысып, өз күшін, ептілігін және командалық рухын көрсетті. Біз жастардың таңдауын — денсаулық, белсенділік пен таза болашақ деп білеміз! 🌟
#Заңжәнетәртіпpvl
#Законипорядокpvl







