Тақыр мектебінің жетістігі!
Бүгін біз үшін қуанышты жаңалық!
Тақыр негізгі мектебінің оқушылары «Ақбота» республикалық олимпиадасына қатысып, білім бәсекесінде өз шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды! Бұл – оқушыларымыздың талабының, ұстаздардың еңбегінің және ата-аналардың қолдауының жемісі. Біз сіздермен мақтанамыз!
Жеңімпаздарымызға алдағы білім жолында тек сәттілік тілейміз! Жаңа биіктерге бірге жетейік!






