Мектебімізде «Буллингтен қорған» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және буллингтің алдын алу.
Сынып сағаттары барысында балалар достық, сыйластық, мейірімділік туралы ой бөлісіп, түрлі жағдайларды талдап, өздерін және өз жақындарын қалай қорғай алатыны туралы пайдалы ақпарат алды.
Осындай шаралар – мектеп ішіндегі жылы атмосфераны нығайтып, әр оқушының өзін қауіпсіз сезінуіне бағытталған маңызды қадам.






